Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Домбыра — думан» атты байқауы

«Қостанай таңы» газетінің ұйымдастыруымен «МАРТ» сауда орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған жастар арасында өнерді насихаттау мақсатында «Домбыра — думан» атты  байқауы өтті. Байқауға жоғарғы сынып мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

Байқау 3 номинация бойынша өткізілі: 1) дәстүрлі ән, 2) жыр, терме, жырау, 3) күй тарту (домбыра, қобыз)

Байқаудың мақсаты мен міндеті — қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерін насихаттау мен дәріптеу; жастар арасында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау; қазақ тілін, ата бабадан қалған асыл мұрасын, өнерін қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру; талантты жастарға қолдау көрсету; қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастардың шығармашылық ынтасын арттыру.

Осы байқауға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанты, полиция қатарындағы Бексұлтан Сүндет, 3 курс курсанты, полиция кіші сержанты Қуаныш Даутов және 4 курс курсанты, полиция қатарындағы Нариман Төлепов қатысып, өнерін жоғары деңгейде көрсеткені үшін Қара шаңырақ – «Қостанай таңы» газетінің «Домбыра — думан»  байқауының үздік орындаушы алғыс хатына ие болды.

 

Қуаныш Туретаев
тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы
полиция майоры