101 оқу топ тыңдаушыларының демалыс күндеріндегі бос уақыттарын ұйымдастыру

Куратор жоспарын орындауда, сонымен қатар тәрбие және патриоттық жұмыс мақсатында, 2015 жылы 16 қараша 101 оқу тобының тыңдаушыларымен Қостанай қаласының орталығына экскурсия өткізілді.

Экскурсия барысында тыңдаушылар қаланың архитектуралық ғимараттарымен танысты: Л. Толстой атындағы областық кітапхана, орталық бақ, А. Байтурсыновқа ескерткіші, Қостанай облыстық әкімшілік алаңы, Қазақстан елдер Ассамблея ғимараты, Қостанай облыстық прокуратура ғимараты, Сити-орталығы. Экскурсиядан соң тыңдаушылар  «Арман» 3D кинотеатрында көркем-драммалық фильм көрді.

Өткізілген іс-шара тыңдаушыларға жақсы әсер тигізді, өйткені осы топтың тындаушылары Қазақстан Республикасының басқа облыстарының тұрғындары болып табылады. Қала орталығына экскурсия жасау, кинотеатрға бару жағымды эмоция мен әсер қалдырды.

 

Азамат Мукажанов
101 оқу тобының кураторы
полиция капитаны