Құқық қорғау қызметіндегі психологияның маңыздылығын магистранттар тағы бір рет атап өтті.

2015 жылдың 7 қарашасында “Қызметкерлерді практикалық іс-әрекетке кәсіби психологиялық дайындау” сабағында  203, 208 оқу тобының тыңдаушыларын ғылыми-педагогикалық бағытымен оқып жатқан 1 курс магистранттары тәжірибелік қызметкерлері әділет капитандары Тоқжанов Ербол Нағашыбайұлы, Тұрымов Әлібек Рапхатұлы және әділет лейтенанты Мұрат Аманатпен құқық қорғау қызметкерлерінің қызықта, қиын, қауіп-қатерге толы өмірлерімен танысу мақсатында әңгіме – сұхбат жүргізілді.

Тыңдаушылар өздерінің болашақтағы қызмет түрлері тікелей қылмыстық — атқару жүйесіне байланысты болғандықтан қызығушылықтары оянып, қызметкерлерге әр тараптан қызмет бабына байланысты сұрақтар қойды.

Осы кездесуде, тәжірибелік қызметкерлер өз қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, тыңдаушылардың қойған сұрақтарына ауқымды да, мазмұнды жауаптар берді.

Тәжірибелік қызметкерлер тыңдаушыларға құқық қорғау орындарында психологияның маңызды рөл алатынын атап өтті. Әр құқық қорғау қызметкері психологиялық тұрғыдан ерік-жігері мықты болуын, психологиялық күйзеліс, депрессияға, кәсіби деформацияға ұшырамауды алдын алу мақсатында тәжірибелік тұрғыдан кеңестер берді. Сонымен қатар психологияның осы қызметте ғана емес, яғни жалпы өмірде қажет екендігін айтып өтті.

Кездесу жоғары деңгейде өтіп, тыңдаушыларға қатты ұнады.

 

Назгүл Турсумбаева
педагогика және психология
кафедрасының оқытушысы
полиция лейтенанты