Жастар — біздің болашағымыз

2015 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында  күндізгі оқыту факультетінің 1 курс тыңдаушылары Қостанай облысы әкімдігінің «Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басқармасының басшысы Кенеш Ғалыбекұлы Әлімжановпен кездесті.

Аталған кездесуге Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов, академия бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ахан Нурушев, оқу топтарының жетекшілерімен 1 курс басшылары қатысты.

Полиция полковнигі Мирлан Қызылов: «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы ақпанда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы қабылданған болатын.   Аталған заң жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.  Жыл сайын оқу ордамызға облыстардың түкпір-түкпірінен білімдерін жоғарылатуға, таңдаған мамандықтарының кәсіби маманы болуға талапкерлер оқуға түсуде.  Академияда білім алып жатқан тыңдаушыларымыздың білім деңгейлерін жоғарылату, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысудағы белсенділігін арттыру, оларды ғылыми – зерттеу жұмыстарына, облыстық, республикалық деңгейлерде өткізіліп жатқан әртүрлі бағыттағы шараларға тарту, олардың өсуіне жол ашу үшін барлық жағдайлар жасалынған»- деп, келесі сөз кезегін Кенеш Әлімжановқа берді.

Кенеш Әлімжанов: «Қазіргі таңда, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжат «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жастарға және жаңа қазақстандық патриоттықта жастарды тәрбиелеуіне ерекше назар аударады.  Өйткені қазіргі жастар — ертеңгі болашақтың іргетасы. Сіздер, жан-жақты, сауатты, ерік-жігері мол азамат болып, болашақта ішкі істер органдарының әр саласында қызмет атқарып, алған білімдеріңді тәжірибеде қолданып, аға буынның  жолын  жалғастырып, Отанымыздың дамуымен көркеюіне өз үлестеріңді қосатынына сенімдімін»деп, сөзін аяқтады.

Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар жастарды ақпараттық қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтауға, бiлім алуға, әлеуметтiк қызметке, кәсiптiк бағдар алуға, жұмысқа орналасуға, демалуға, әлеуметтiк оңалуға және жас отбасыларын қолдауға, олардың құқықтарын жүзеге асыру мақсатында бірталай жұмыстар атқарып жатқандығын айтып кету қажет.

Кездесу соңында, полиция полковнигі Мирлан Қызылов: «Қазақстан милициясының тарихында генерал-лейтенант атағын тұңғыш иеленген және екі рет министр болған ішкі істер органдары саласындағы мемлекеттік және кадрлық саясатын жетілдіру мақсатында көп үлес қосқан белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Шырақбек Қабылбаевтың ведомстволық оқу орындарының түлектеріне арнаған «Өмір жолындағы қиындықтарды жеңе біліңдер. Әрқашанда оптимист, қайсар және берік болыңдар» — деген, сөзімен аяқтады.  Кездесу өте тартымды да қызықты өтті.

 

 

Орынбасар Уақпаева