Тыңдаушылардың Қостанай қалалық сотының сот отырысына қатысуы
(Участие слушателей в судебном заседании в Костанайском городском суде)

Куратордың жұмыс жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалуына байланысты, сонымен қатар оқытылатын «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» оқу пәнінің «Сотта қарастыру үшін азаматтық істерді әзірлеу. Сот талқылауы» тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында жетекшілік ететін 301-оқу тобының Қостанай қалалық сотына баруы ұйымдастырылды.

2015 жылдың 5 қарашасында Академиямыздың тыңдаушылары Қостанай қалалық сотының судьялары А. Сармульдиновпен К. Бегежанованың «Қостанай қ. әкімдігінің архитектура және қала құрылысы бөліміне азамат құқығының бұзылуын жою туралы», «Казахвзрывпром» АҚ азаматтың материалдық залалды өтеуі және моральдық зиянды төлеуі туралы» екі талап қою арызы бойынша соттың істі қарауына қатысты.

Алынған білімнің тәжірибелік бекітілуі, соттағы жұмыс тәртібімен және азаматтық істердің қозғалысымен танысу тыңдаушыларға, олардың оқытылып жатқан заң пәндерін түсінуіне жемісті әсер етті. Одан басқа, тыңдаушылар үшін сот жасауылдарымен қалалық сот ғимараты бойынша күн сайын құжаттамаларды қабылдау мен өңдеуді жүзеге асыратын кеңседен, сот отырысының залдарынан бастап судьялардың мәжіліс бөлмелеріне, медиация және сот мұрағатына арналған залдарға дейін экскурсия ұйымдастырылды.

Менің көзқарасым бойынша оқытылып жатқан заң пәндерінің профилі бойынша тыңдаушылардың практикалық органдарға, осы жағдайда Қостанай қ. сотына шығуы теорияның практикамен байланысын күшейтуге мүмкіндік береді, сонымен қатар ары қарай оқытудың болашағына оң жақты әсер етеді, біздің тыңдаушыларға оқытылатын заң пәндерінің тікелей әсері алған білімдері мен ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қостанай қалалық соты төрағасы М.Қ. Наймановқа алғысымызды білдіреміз!

 

Жанар Бухметова
301-оқу тобының кураторы
полиция подполковнигі

 


Во исполнение мероприятий, предусмотренных Планом работы куратора, а также с целью закрепления знаний, полученных по преподаваемой учебной дисциплине «Гражданско-процессуальное право Республики Казахстан» по теме «Подготовка гражданских дел к рассмотрению в суде. Судебное разбирательство» был организован выезд курируемой 301 учебной группы в Костанайский городский суд.

5 ноября 2015 года слушатели нашей Академии приняли участие в судебном разбирательстве по двум исковым заявлениям «Об устранении нарушений прав гражданина к отделу архитектуры и градостроительства акимата г.Костаная», «О возмещении материального ущерба и компенсации морального вреда гражданина к АО «Казахвзрывпром» у судей Костанайского городского суда Сармульдинова А., Бегежановой К.

Практическое закрепление полученных знаний, знакомство с распорядком работы и движением гражданских дел в суде плодотворно повлияли на слушателей, их восприятие изучаемых юридических дисциплин. Кроме того, для слушателей судебными приставами была организована экскурсия по зданию городского суда, начиная с канцелярии, где ежедневно осуществляется прием и обработка документации, залов судебных заседаний, до совещательных комнат судей, зала для медиации и архива суда.

На мой взгляд, выезд слушателей по профилю изучаемых юридических дисциплин в практические органы, в данном случае, в суды г.Костаная, способствуют усилению связи теории с практикой, а также положительно влияет на перспективы дальнейшего обучения, непосредственное восприятие преподаваемых юридических дисциплин для наших слушателей, дает возможность расширить кругозор и полученные ими знания.

Выражаем благодарность Председателю Костанайского городского суда Найманову М.К. за сотрудничество!

 

Жанар Бухметова
куратор 301 учебной группы
подполковник полиции