Ұлы дала халқының ұрпақтары

2015 жылы Керей мен Жәнібек қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толып отыр. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу және Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр, осыған байланысты Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты магистратурасының қызметкерлері мен магистранттары Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына Ілияс Есенберлиннің «Хан Кене» трагедиясын тамашалауға барды. Ұлы дала халқының ұрпақтары, яғни магистранттар қызықты да танымы мол қойылымнан жақсы әсер алып, рухтанып қайтты.

Мұндай жақсы бастамалар бұдан әрі де жалғасын таба бермек.

 

Гулизат Едресова
магистратура аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры