Күз – мерекем, күз – берекем!

Табиғат — күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап — сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата — бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір жоғары оқу орындарында осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, 2015 жылы 30 қазанда Қостанай академиясының аумағында 2 курс басшыларының күшімен 2 курс тыңдаушыларының арасында «Алтын күз — 2015» мерекесіне арналған сайыс өткізілді.

Өткізу мақсаты: жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге сезімталдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.

Сайыста 11 топ катысты. Осы сайыста 201 топта ат салысты.  Сайыста 201-топ әділқазы қорытындылары бойынша 3 орынға ие болды.

 

Әсел Ақылбекова
201 оқу тобының жетекшісі
полиция капитаны