Алтын күз

Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады.

Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.

Міне осындай күз айының тамылжыған кешінде Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2015 жылдың 31 қазан күні КОФ-тың 2-курс тыңдаушылары арасында «Күзгі балл» мерекелік іс-шарасы аталып өтті. Бұл іс-шарада қойылған талаптар 3-кезеңнен болды. І-кезең, тыңдаушылардың өз өнері; ІІ-кезең, «Дефиле», яғни тыңдаушылардың күзге арналған киім үлгілерін көрсетуі және ІІІ-кезең әр топтың атынан салынған қабырға газеттерін таныстыру. Академияның 2-курс тыңдаушылары өте жақсы көңіл-күймен, өз өнерлерін белсенді көрсетті.

Әділ-қазы алқалары магистратура тыңдаушысы, полиция аға лейтенанты  Исергепова Әлия Құрманайқызы, 2-курс басшысы, полиция капитаны Мурзагалиев Марат Серікұлы, 2-оқу методисті Дощанова Айгүл Темірқызы әр топтың өнеріне өз әділ бағаларын берді.

Өте жақсы өнер көрсетіп үштіктер қатарына қосылған топтарда анықталды.  І-орын иеленген 209-оқу тобының тыңдаушылары, кураторы Алпеисов Болат. ІІ-орын иеленген 210-оқу тобының тыңдаушылары, кураторы Карымсакова  Дина. ІІІ-орын иеленген 201-204 оку топтары. Кураторлары Ақылбекова Асел, Абдібеков Нұрбек.

Барлық қатысушы топтар өте жақсы өнер көрсетті, олар алғыс хаттар мен мадақтау грамоталарымен марапатталды.

Осы көңілді іс-шараның соңы би кешіне ұласты.

 

     2-курс басшылығы