Ғасыр індетінен сақтанайық!

«Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің  әрбір  азаматының  денсаулығы  мықты, хал-ахуалы  жақсы  болуы үшін  зиянды  әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушілерден сақтандыру, олардың  денсаулыққа, болашаққа, ұрпаққа  жау  екендігін түсіндіру  мақсатында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы құқық қорғау мамандығы бойынша 108 оқу тобы тыңдаушылары  арасында  «Ғасыр індетінен сақтанайық!»    атты тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты дөңгелек үстел ретінде өткізілді.

5В030300 – «Құқық қорғау» мамандығы бойынша 108 тобында өткен  тәрбие сағаты  өз мақсатына жетті. Тәрбие сағатында зиянды әдеттер туралы мәліметтер беріліп, сонымен қатар «Темекіні тартқаның, өзіңді — өзің құртқаның», «Қазақ пен арақ», «Нашақорлық ғасыр дерті» атты бейнебаяндар көрсетілді. Көрсетілген бейнебаяндар бойынша тыңдаушылар өз ой-пікірлерін білдірді.

Тәрбие сағатының қорытындысында тыңдаушылар «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!» тақырыбы бойынша эссе жазып, қорғады.

 

Назгүл Турсумбаева
Педагогика және психология
кафедрасының оқытушысы
полиция лейтенанты
108 оқу тобының кураторы