«Тамаша» бізде қонақта…

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері  мен тыңдаушылары 2015 жылдың 29 қазаны аға ұрпақтың сара жолын жалғастырып жүрген, облысымызға танымал Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының «Тамаша» ойын-сауық ұжымының өнерлерін тамашалады.

Аталған кеште сахналық көріністерде ойнаған әртістер, бұлбұлдай сайраған әншілер, мың бұралған бишілер көрерменнің көңілінен шығып, қуаныш силады.

«Тамаша» ойын — сауық ұжымының қойған интермедиялары өмірден алынғандықтан, әрбір адамға ой салатындай және көңілді көтеріп күлетіндей жан жақтылығымен көңілде қалды.

Халыққа шебер де кәсіби атқарып жатқан қомақты істері тынымсыз еңбектері бүгін осының айқын көрінісі.

Осындай қазақтың өнерін халыққа таратып жүрген өнер шаңырағына шығармашылық табыс тілей отырып, көрермендеріңіздің қуанышына бөлене берулеріңізге тілек білдіреміз.

 

3 курс басшылығы