Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы деректі фильм көрсетілді

2015 жылғы 27 қазан күні кураторлық жұмыстың тәрбиелік әсер ету мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының №1 дәріс залында 105 оқу тобының кураторы полиция майоры Е.С.Акимжанов, 106 оқу тобының кураторы полиция подполковнигі Д.Т.Мендыбаева, 111 және 112 оқу топтарының кураторы полиция капитаны С.О.Байгабулова, 214 оқу тобының кураторы полиция аға лейтенанты В.С.Касенованың ұйымдастыруымен тыңдаушыларға «Ловушка для таракана» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы деректі фильм көрсетілді. Фильм көргеннен кейін талқылау жүргізілді, осыған орай қорытындылар шығарылды.

2 курс тыңдаушысы полиция қатарындағы Темиров Сатджан: «Фильм маған ұнады. Осы фильм жасаған сыбайлас жемқорлық әрекеттен кейін қандай зардап шегуге болатынын көрсетті. Фильм кейіпкері жасаған әрекетіне өкініп, өз отбасы және өз ар-намысының алдында өзінің кінәлі екенін сезінді», — деп өз пікірін айтты.

Біз осы іс-шара, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша тыңдаушыларға оңды әсер етті деген сенімдеміз.

 

 

Ерик Акимжанов
105 оқу тобының кураторы
полиция майоры

Дилара Мендыбаева
106 оқу тобының кураторы
полиция подполковнигі

Сауле Байгабулова
111, 112 оқу тобының кураторы
полиция капитаны

Венера Касенова
214 оқу тобының кураторы
полиция аға лейтенанты