Шеберлік тренинг

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев  атындағы  Қостанай  академиясының  аумағында 2015 жылы 26 қазаңында жетекші сағат барысында 201  оқу  тобының тыңдаушыларымен жетекшісі, полиция капитаны Ә.Б. Ақылбекова Психологиялық жұмыс центірінің оқытушы-әдіскер, полиция капитаны С. Байгабуловамен бірігіп «Ұжымды  біріктірудің»  шеберлік  тренингі өткізілді.

Тренингтің мақсаты: ұжымшылдықты, топтың мүшелерімен табысуды, жағымды эмоциялық фонды құру, қабылдарлық нысанның ашуын тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен оқу барысында мейірімділік атмосферасын орнату.

Тренинг барысында тыңдаушылармен келесі психологиялық жаттығулар өткізілді: «Атомдар-молекулалар», «Жер сілкінісі», «Хайуанаттар бағы», «Тілек».

Шеберлік тренинг жақсы әдістемелік кезеңде өтті. Тыңдаушылар тренингке қызығушылықпен, жағымды атмосферамен  қатысты. Бұл шара топ ішінде сенімділікті, ашықтықты, ұжымшылдықты дамытуға ықпал етті.

 

Әсел Ақылбекова
201-оқу тобының жетекшісі
полиция капитаны