Саптық әндер байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында күндізгі оқыту факультетінің 3 курс тыңдаушыларының арасында саптық әндер байқауы өткізілді.

Саптық әндер байқауының негізгі мақсаты тыңдаушылардың мәдени сапасын дамыту, қазақстандық патриоттық сезімге баулу, қоғамдық жұмыстардың маңыздылығын көрсету болып табылады.

Аталмыш байқауға 3 курс тыңдаушыларының сегіз саптық тобы қатысып, өз біліктілік көрсеткіштерін барынша көрсетті. Саптық байқаудың ұйымдастырушысы 3 курс бастығының орынбасары полиция капитаны Асхат Примкулов.

Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген саптық топтар 3 курс бастығы полиция капитаны Василий Заварыконың арнайы грамоталарымен марапатталды.  Бас  жүлдені 302 оқу тобының тыңдаушылары қанжығасына байлады.

II-III орындарды 301, 304 оқу топтарының тыңдаушылары өз араларында бөлісіп алды.

Сайыс өте жоғары, кәсіби деңгейде өтті.

 

Айжан Телемисова, Манар Қабай
3 курстың 303 топ тыңдаушылары