Рухани келісім күніне орай

2015 жылдың 17 қазан күні әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы сырттай оқыту факультетімен бірігіп Рухани келісім күніне орай «Қоғамның рухани қаупсіздігі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Мемлекеттік саясаттың қағидалары. Қазақстан Республикасындағы діни жағдай. Экстремизм және терроризмнің: пайда болу себептері, көрініс түрлері мен формалары. Діни ұйымдармен қатынас жүргізетін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар сияқты сұрақтар ортаға шығарылып, талқылауға салынды. Ұлттық  мәдениетті  ұлттарды, халықтарды тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Ұлттық мәдениет ұлттық, халықтық дәстүрлерден дем алады, сол дәстүрлердің даму дәрежесінің көрсеткіші болады. Халық тарихынан тысқары, оның өмір салтынан оқшау ұлттық мәдениеттің болуы мүмкін емес. Бірақ қай ұлт, қай халық болсын, басқа ұлттар мен ұлыстар мәдениетінің ықпалына ұшырамай тұра алмайды. Сондықтан, әрбір ұлттық мәдениетте жалпы адамзаттық, интернационалдық мәдениет элементтері үнемі кездеседі. Мәдениеттегі интернационалдық пен ұлттар диалектикасы халықтар бірлігін, олардың өзара түсінуін, өзара мәдени қарым-қатынасын, бірін-бірі сыйлауын білдіреді.

Адамзаттық келісім – адам баласына нендей нәрсе құндылық, соны анықтап алуға барлығы ат салысты. Адамзатқа қандай құндылықтар ортақ, оның басты-бастыларын атап берейік, ол – достық, жолдастық, махаббат, отбасы, бала тәрбиесі, әйелді қадірлеу, қарт адамдарды құрметтеу, ғаріп-қасірлерге қамқорлық көрсету, білім-ғылымға ұмтылған адамдарға құрмет, үй хайуанаттарын қазына деп бағалау, табиғатты, суды, орманыңды қадір тұтып сақтау, өмір сүріп жатқан әлеуметтік кеңістігің – қалаңды, ауылыңды, үйіңді күту, оларды мақтанышқа, қуаныш орындарына айналдыру. Мұның бәрі бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтар, деп әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары мен сырттай оқыту факультетінің тыңдаушылары қызу пікірталастың негізінде қорытындылады.

 

Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы