«ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕМЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ»

2015 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынның оқу залында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы және Қостанай облысы әкімдігі діни істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Ауған ардагерлері Одағының бірінші орынбасары және локальді соғыстарға қатысушысы Қайрат Әлиханұлы Тулгаев және  Қостанай облысының діни істері жөніндегі басқармасының бас маманы Сапарғали Акимбекұлы Абдиев республикалық ақпараттық – насихат шарасы аясында патриоттық-интернационалистік тәрбие және экстремизм, оның мемлекетке әкелер зардаптары туралы тыңдаушылармен оқыту семинары  өткізілді.

Кездесу барысында сарапшы Қайрат Әлиханұлы «Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай» — деген ойларын үлгі реттінде келтірді.

Жалпы оқыту семинарының негізгі мақсаты тыңдаушыларға қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағұлмат беру. Ауған соғысының ардагерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы кеңінен мәлімет алу. Тыңдаушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің париоты болуға тәрбиелеу.

Үгіт насихат тобының сарапшысы, ауған соғысының ардагері Қайрат Әлиханұлы Тулгаевтың  оқыған дәрісі академия тыңдаушылары мен оқытушы-профессорлар құрамына да қызықты болды.

 

Қуаныш Мырзахмет
әлеуметтік-гуманитарлық
кафедрасының оқытушысы,
полиция лейтенанты