Қайырымдылық пен қамқорлық жасау бұл – игі іс.

Бүгінгі таңда тастанды, жетім балалардың тағдыры баршамызды толғандырады. Елімізде осындай сәбилерге  барынша қамқорлық  көрсетіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, қызметкерлерімен тыңдаушылары жыл сайын Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Дельфин» Қостанай сәбилер үйіне өз тараптарынан әрдайым қайырымдылық  көрсетеді және қоғамдық өмірлеріне белсене қатысады. Бұл – оқу ордасында  дәстүрге  айналған.

«Дельфин» балалар үйінің қызметкерлері адамгершілігі мол, ұйымшыл жандар. Балалар үйінде өткізілген барлық іс-шаралар сәбилерге қуанышпен шаттық береді.

Академияның басшылығы, қызметкерлері мен тыңдаушылары да әрдайым сәбилерге сыйлықтарымен концерттік нөмірлерін тарту етеді. Осы жерде, 2 курс бастығы,  полиция капитаны  Марат Мурзагалиев, полиция кіші сержанты Олег Цызман, полиция кіші сержанты Заир Камалов, полиция қатарындағы Асқар Сабитов, полиция қатарындағы Ермек Джамалов, полиция қатарындағы Ерік Әділкенов, полиция қатарындағы Есымтай Айтпаев, полиция қатарындағы Мадияр Рақымжан сияқты тыңдаушыларымыз балалар үйіне әрқашан қамқорлық жасап, көмек көрсетіп келеді.

«Дельфин» сәбилер үйі полиция капитаны Марат Мурзагалиевке балалар үйінің өміріне белсене қатысып және жетім балаларға көмек көрсетіп отырғандығы үшін алғыс жариялады. Сондай-ақ, Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов  полиция кіші сержанты Олег Цызманға, полиция кіші сержанты Заир Камаловқа, полиция қатарындағы Асқар Сабитовқа, полиция қатарындағы Ермек Джамаловқа, полиция қатарындағы Ерік Әдікеновке, полиция қатарындағы Есымтай Айтпаевқа, полиция қатарындағы Мадияр Рақымжанға «қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жауапкершілігі және «Дельфин» балалар үйінің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін», грамота табыс  етті.

Біз жетімін жерге қаратпаған елміз. Балалар үйлеріндегі әрбір жеткіншек – Отанымыздың басты құндылығы. Оларға тиісті көңіл бөліп, бала жастан қамқорлық көрсетіп отыру – қасиетті парыз. Ертең олар да ержетіп, еліміздің бір азаматына айналары сөзсіз. Академияда қызмет атқарып жүрген қызметкерлеріміздің, білім алып жүрген тыңдаушыларымыздың адамгершілігі мол, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болып, қолдан келген көмектерін жасаса нұр үстіне нұр болар еді.

 

Орынбасар Уақпаева
Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы