Академияда ішкі қызмет генерал – майоры Талап Қабденовтың 70-жасқа толу мерейтойына арналған ісшара өткізілді…

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ағымдағы жылғы мамыр айының 4 — 5 күндері Қазақстан Республикасы ІІМ еңбегі сіңген қызметкері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, құқықтану доценті, ішкі қызмет генерал – майоры Талап Қабденұлы Қабденовтың 70-жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты ісшара өткізілді.

Ең алдымен мерейтой иесі, Талап Қабденұлы Қабденов туралы сыр шерткім келеді.

Талап Қабденов 1945 жылдың 15 мамыр айында Орал облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Оның балалық шағы соғыстан кейінгі өмірдің қиындығымен тапшылығында өтті. Ол С.Сейфулин атындағы №11 арнайы мектеп-интернатын бітіріп, Атырау қаласындағы мұнай өндіру зауытында оператордың көмекшісі болып жұмыс істеген. Жастайынан білімге құштар Талап Қабденов, жоғары білім алу үшін қазақ химиялық-технология университетіне түседі. Еңбегінің арқасында оқуын сәтті аяқтап, жолдама бойынша Шымкенттегі химиялық-фармацевтік зауытында жұмыс істейді. Одан кейін де ерен еңбегінің арқасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарады. Талап ағамыз 1973 жылы 28 жасында Шымкент облыстық атқарушы ІІБ кадр аппаратының бастығы болып тағайындалады. Білімін одан әрі шыңдау жолында сырттай СССР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің «құқықтану» мамандығы бойынша оқуын бітіреді.

Талап Қабденов орта және басшылық құрамының әртүрлі лауазымдарында 30 жыл шамасында қызмет атқарған.

Ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденұлы Қабденов 1996 жылы (бүгін таңда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы) Қостанай жоғары мектебін басқарады. Оның басқару жылдарында оқу орнының материалдық – техникалық базасы құрылды, мектеп қалаға орын ауыстырды, оқу ордасында жаңа кафедралар пайда болды. Талап Қабденовтың оқу ордасын басқару кезінде екі жұлдызды тарихи сағаттарды атап өту жөн.

1997 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген, ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебіне оқу орнының Туы табыс етілді.

1997 жылғы 16 шілдеде ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев келді, ол елдегі ішкі істер органдары үшін жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау бағытындағы педагогикалық ұжымның жұмысына жоғары баға берді. Құрметті қонақтар кітабына Елбасы «Қостанай жоғары милиция мектебінің қызметкерлеріне және тыңдаушыларына Отанға адал және мінсіз қызмет етуін тілеймін» деген тарихи жазба естелігін қалдырды.

Талап Қабденов өзінің қызметтік жолдарын ІІМ ведомстволық оқу орнының дамуына, өркендеуімен қалыптасуына, одан әрі мәртебесін көтеру сұрақтарына арнады. Өмірдің суығымен қиындығына мойымай, алға қойған мақсаттарымен міндеттерін орындап, ерен еңбегінің арқасында капитан атағынан ішкі қызмет генерал-майоры атағына дейін жетті. Қызмет атқарудағы жетістіктері үшін Үкімет және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атынан бірнеше рет марапатталды.

Осындай жүрегі кең, адамгершілігі мол, жаны жарқын адамға арналған салтанатты ісшара екі күн аталып өтті.

Ісшараның бірінші күнінде, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызыловтың басшылық етуімен Талап Қабденовты 70 — жас мерейтойымен құттықтау қарсаңында оқу ордасына Ардагерлер қауымы, ағайын-туыстары, бірге қызмет жасаған әріптестері, жолдастары мен түлектері келді. Оқу ордасының алаңында профессорлық — оқытушылар құрамы, офицерлермен тыңдаушылар құрмет көрсетті.

Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов мерейтой иесі Талап Қабденовты тамаша да қуанышты күнімен құттықтап, сөз берді.

Талап Қабденов: «Феликс Дзержинскийдің сөзімен нағыз чекисте міндетті түрде «холодный ум, горячее сердце и чистые руки» болу керек деп, оқу ордасы жайында сөзін бастады. Өзінің басқарған уақытындағы оқу ордасының материалдық-техникалық жағдайын, басынан кешірген оқиғаларға да тоқтала кетті. Сөзін, Б.Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деп аяқтады.

Ісшара барысында Ардагерлер қауымы, әріптестері, жолдастары мерейтой иесіне жылы-жылы құттықтау лебіздерін жеткізді. Тыңдаушылар қоян — қолтық күрестің көріністерін, ал қыздардан жинақталған барабаншылар взводы өз өнерлерін тарту етті. Аталған ісшара мұражайға саяхат жасаумен, академияның акт залында Ардагерлермен, профессорлық-оқытушылар құрамымен, тыңдаушылармен, ал спорткешенінде болашақ спорт шеберлерімен кездесу жалғасын тапты.

Салтанатты ісшараның екінші күні «Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында» өтті.

Мерейтой иесін облыс әкімі Нұралы Садуақасов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Укин, 1995-1998 жылдары облыс басшысы болған Т. Қадамбаев, ардагерлермен қонақтар құттықтады.

Облыс әкімі Н. Садуақасов: «Отанымен еліне адал қызмет жасайтын, өз елінің патриоты болып, тәрбиеленіп жатқан оқу ордасының тыңдаушылары Сіз сияқты генерал болып шығатындығына сенімдімін» деп, Талап Қабденовтың иығына шапан жапты.

Қазақта адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет.

Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов мерейтой иесін құттықтап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал — полковнигі Қ.Н.Қасымовтың құттықтау сөзімен құрмет грамотасын табыс етті.

Бүгінгі таңда, оқу ордасындағы тыңдаушылардан құрылған домбыра оркестірінің жетекшісі, әрі Қостанай облысының белгілі, танымал композиторы Қалибек Деріпсалдин мерейтой иесіне «Тұғыры биік Талап аға» атты жүрегінен шыққан өлеңін өзінің орындауында тарту етті. Ісшара барысында құрметті ардагерлер, оқу орнын қалыптастыру кезінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары болған құрметті азаматтар, құқық қорғау органдарының еңбегі сіңген ардагерлер жүректен шыққан құттықтау сөздерін тек қана Талап Қабденовқа арнады.

Қостанай филармониясының әншілері де мерейтой иесін құттықтап, өздерінің тамаша концерттік бағдарламасын тарту етті.

Салтанатты ісшара аясында көрермендерге генерал-майор Т. Қабденовтың еңбектегімен өмір жолы туралы жинақталған шағын бейнефильм көрсетілді. Осы бейнефильмде ардагерлер өздерінің тарихи жинақталған суреттерін көріп, жүректерінде қуаныш сезімдері лүпілдеп, көңілдері көтеріліп, бір шаттыққа кенелді.

Ісшара соңында, Талап Қабденов: «Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызыловқа өз ризашылығын білдірді. Оқу ордасына Министр – реформатор, мемлекет және қоғам қайраткері, педагог Шырақбек Қабылбаевтың есімі берілгендігін атап өтті. Оның тарихына қызметтік жолдарымен өміріне қысқаша тоқталды. Болашақ офицерлерге генерал Шырақбек Қабылбаевтың өмірлік және қызметтік жолдарында жасаған істері үлгі-өнеге», деп айтты. Ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденовты 70-жасқа толу мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, немере-шөбелеріңіздің қызығын көруді тілей отыра, мына өлеңдер шумағын Сізге арнаймын.

Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
Жетпіс жастың құтты болсын белесі.

Бұл 70 жас – қарттық жас емес,
қазына жас, Бала мен немеренің назына мас.
Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,
Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып шөберенің.

Орынбасар Уақпаева
ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясы
баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы