Бүгін 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.
Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.
Тарихшылардың мәліметі бойынша 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров және тағы басқалар.
1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.
Азаттық жолында және ашаршылық қасіретінен құрбан болған ақтаңдақтардың рухына тағзым етеміз!

Сегодня, 31 мая — День памяти жертв политических репрессий и голода. Для нашей страны, как и для большинства стран бывшего Советского Союза, годы репрессий надолго останутся в памяти народной тысячами тысяч безвинно осужденных людей. После обретения независимости 14 апреля 1993 года был принят Закон РК О реабилитации жертв массовых репрессий. Глава государства Нурсултан Назарбаев объявил 1997 год Годом общенационального согласия и памяти жертв политических репрессий, а также 31 мая-Днем памяти жертв политических репрессий и голода.
1937-1938 годы в Казахстане были незаконно осуждены более 125 тысяч человек, около 25 тысяч из них — расстреляны. Расстрелы и аресты ломали судьбы миллионов. Дети оставались без отцов и матерей. Только через ГУЛАГ с 1934 по 1941 гг. прошли более 6 миллионов человек разных национальностей.
По данным историков, в 1937-1938 гг. в стране репрессировано более 100 тыс. человек, а четверть лиц, попавших в этот список, приговорены к расстрелу. Среди них была казахская интеллигенция: ученые, деятели культуры и политики. К примеру, Турар Рыскулов, Сакен Сейфуллин, Магжан Жумабаев, Алихан Бокейханов, Ахмет Байтурсынов, Мухамеджан Тынышпаев, Ильяс Жансугуров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров и многие другие. С 1921 по 1954 годы в СССР репрессировалось около 3 млн 700 тыс. безгрешных граждан, из них около 600 тыс. были приговорены к смертной казни. А остальных приговорили к длительному сроку лишения свободы.
Мы помянем всех невинно убиенных и осуждённых.