Прокуратура қызметкерімен онлайн сабақ өткізілді

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес жекеше айыптау істері бойынша қылмыстық қудалау сотқа тікелей жүгіну арқылы жүзеге асырылады. Аталған тәртіп бойынша жекеше айыптаушы шағымды, барлық дәлелдемелерді сотқа өзі ұсынуы керек. Іс жүзінде қылмыстық қудалаудың осы түрі бойынша прокурордың қадағалауы қалай жүзеге асырылатыны жөнінде Қостанай облысы прокуратурасының прокуратура басқармасының аға прокуроры Т.Р. Абдульменова ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 302 взвод курсанттарына онлайн сабақ барысында айтып түсіндірді. Практикалық қызметкердің сабаққа қатысуы тындаушыларға өздерінің қызығушылық танытатын сұрақтарына кәсіби білікті жауап алуға мүмкіндік берді. ҚР Қылмыстық-процестік құқығы пәнінен «Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбы толық, жан-жақты қарастырылып, қамтылды.

Қылмыстық процесc және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры Ж. Нурмаганбетова