Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы мен ұжымы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Құрметті қызметкері, отставкадағы генерал-майор МИХАИЛ ЮСУПОВИЧ ДАУЕНОВТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Михаил Юсупович ұзақ жылдар бойы ұстаз ретінде шәкірттер тәрбиеледі. Артында өшпес із, ұлағатты ұрпақ қалдырды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын.