Мемлекеттік аттестаттауаяқталды!

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2020 жылғы күндізгі оқу нысаны түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясы аяқталды. Мемлекеттік емтихандар облыстардың аумақтық полиция департаменттері мен Тәжікстан Республикасы ІІМ академиясының базасында қашықтық нысанында өтті. Академиялық бакалавр дәрежесі 247 түлектерге берілді.
Ақ жол, қымбатты түлектер!