Құрметті Талап Қабденұлы!

Сізді Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ұжымының атынан 75 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің белсене атсалысуыңызбен  біздің Академиямыздың шаңырағы көтеріліп, іргесе қаланды. Оқу орнының беделін арттыруға және еліміздегі кәсіби мамандарды дайындауға қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғысымыз шексіз!  Сізді өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділігімен ерекшеленетін  нағыз азаматтық қасиеттерге ие тұлға  ретінде жақсы танимыз.
Мерейтойыңызда ұжым атынан зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй  отбасыңызға құт-береке, серпінді табыс пен жетістікке жете беруіңізге тілектеспіз.

Ізгі ниетпен,
Академия бастығы
полиция полковнигі
Н. Биекенов