Қазіргі таңдағы әлемді жаулаған індетке қарамастан туған елінің қиын жағдайын ойлап, өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп, алдыңғы қатарға шыққандардың бірі — біздің ер азаматтар! Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенімділігін алға қойып, ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтардың бірі — біздің ер офицерлеріміз!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт тілейміз! Індет жойылып, бұрыңғы алаңсыз бейбіт өмір қалпына тез оралуларыңызға тілектеспіз!

Ізгі ниетпен: Академияның әйелдер кеңесі!