18 наурыз  “Игі істер күні”

Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Волонтерлердің қатысуымен түрлі іс-шара өтеді. Жаппай халықтың қатысуымен тазалықтар өткізіледі. Наурыз мейрамы онкүндігінде аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады. Дәулеті мүмкіншілік беретін адамдар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға “Жүрек жылуы”, “Наурыз дастархан” ретінде азық-түлік үлестіреді. Әрбір отбасы әруақтар құрметіне садақа беріп, дұға оқып, еске алады. Үйлерінде жеті шелпек пісіріп, таратады. Сонымен қатар, жомарт жүректі азаматтар қоғамдық маңызы бар объектілер салуға, жөндеуге атсалысады.

18 марта – День добрых дел (Игі істер күні). В этот день каждый человек, по возможности, делает одно доброе дело, проводятся различные мероприятия с участием волонтеров. Каждая семья подает милостыню и поминает предков, печет и раздает семь шелпеков. Кроме того меценаты принимают участие в строительстве, ремонте социально-значимых объектов. В этот день местные акиматы проводят различные благотворительные акции, например, поддержание традиции » Жүрек жылуы», «Наурыз дастархан».