ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов жеке құрамға және профессорлық-оқытушылық құрамына 2019 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы баяндама жасады. Жедел-қызметтік жұмыстың кемшіліктерін жою, алға қойған мақсаттарды жетілдіру және білім беру жүйесін жаңғырту мәселелеріне басты назар аудартылды.
Шара соңында, полиция полковнигі Н.Биекенов жеке құрамды, профессорлық-оқытушылық құрамын Жаңа 2020 жылмен құттықтап, жаңа жылда жаңа жетістіктер, кәсіби табыстар, әрбір игі істер мен жаңа бастамаларына сәттілік, отбасыларына баянды бақыт пен бақ-береке тіледі.