Полиция подполковнигі Медет Оспанұлы Лукпановтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың   80 жылдығына арналған өлеңі

Әбіш аға туралы

Ана тілдің қадірін өлмес етіп,
Тіршіліктің таңы атқан қаламынан.
Көңілдерді өлеңмен көктем етіп,
Рухы биік ақындар қатарынан:
«Ақиқаттың мекені жүрек!» -деді,
Бір өзіне қала мен дала сиған.
Жүрек жарды ісімен білінеді,
Кім екені көрініп талғамынан.
«Әділ болса адамдар, өмірлері
Әділ болар, адамның талабынан»
Айдан анық байқалды бұл сөздері,
Шын бақытты жандардың қадамынан.
«Жаңалықты ең ұлы — жазу» — деді,
Надандықтың құтқарған қамалынан.
Ұлылықтың бірден бір дәрумені,
Осы күнге жеткізген тас ғасырдан.
Әбіш аға, ұстазы оқырманның,
Ақыл ойдың кеңіші дара туған.
Кітап қорын жойғандай Отырардың,
Оқылмаған әлі де қайран тұлғам!
Баға жетпес еңбегін асыл мұра!
Халқың үшін өзіндей намысты ұлдан.
Жүрек шіркін елеңдеп, күтетіндей,
Өзіндей бір, Әбішті, Оңды аулынан…

Өмір сүріп келемін…

Таудан асып бұлтты жарып келемін,
Көру үшін жердің қыртыс бедерін.
Көру үшін арманымның жетегін,
Көру үшін көңілімнің көктемін.

Теңіз шайқап мұхит кешіп келемін,
Білу үшін өлшемдердің тереңін.
Білу үшін ақыл-ойдың кемерін,
Білу үшін қаншалықты керегін.

Табиғаттың аясында келемін,
Сүю үшін қайыңы мен терегін.
Сүю үшін өзге адамның жүрегін,
Сүю үшін өткен өмір күндерін.

Жеткізбейтін сағым болып келемін,
Ұстау үшін теңгерімін теңгенің.
Ұстау үшін ана тілдің желкенін,
Ұстау үшін жеткендердің кеткенін.

Ұстаз болып сабақ беріп келемін,
Орнау үшін жазды аңсаған көктемім.
Орнау үшін мәңгі-бақи көкте күн,
Орнау үшін түгелдігі төртеудің.

Жолаушымын, сапар шегіп келемін,
Тану үшін тылсым әлем келбетін.
Тану үшін айғыз-айғыз жер бетін,
Тану үшін бақытымның жетегін.

Адам болып өмір сүріп келемін,
Алу үшін мұқтажы мен керегін.
Алу үшін күшпен жаулап жер бетін,
Алу үшін ажалдағы кезегін…

Адасқандарға бір ауыз сөз….

Бауырым!
Тарих сенің жазылмаған баянын,
Жоқ та болар оған сенің таласын.
Ата баба салып кеткен сара жол
Ойлағандай қамқор әке баласын.

Тарихыңа назар салғын келмесе,
Қарап көргін шежіресін қарттардың.
Сақалынан сорғалаған тамшы жас,
Үмітіндей Сізбен Біздей жастардың.

Көп жұмылса жұдырықты білетін,
Ассақ тағы алты жасар баладан.
Тағдырыңды адасумен күрмедің,
Барды тастап бақыт іздеп даладан.

Отан сенің туған өлкен ардақты,
Өсуіне құт-береке таттырған.

Ер жеткен соң қару кезеп не болды,
Не болды-ау, үміт күткен жас қыран.
Ана тілім жанданбады демесен,
Елің, дінің амандық күй кешуде.
Сабыр түбі сары алтын деп айтушы еді,
Азандықты төзім етсең бесінге.

Басу! Басу! Деп бабалар жырлайды,
Күн астында жолын сызып қыранның.
Түсінбесек біздер үшін сол қайғы,
Бірлік атты бабалардың ұранын.

Қайғы тілеп бастарына жүрмендер,
Адамдардай жақсы өмірден запыран.
Елін, жерін, тілін, дінін сүйгендер,
Отаным деп құлшылыққа бас ұрған.

Жастарға бір сәттік көзқарас

Күн күлімдеп, мамыр қылаң бергенде,
Майысқақ көк шыбықтайын солқылдақ,
Көктемге тән өкпек желдің өтінде,
көктеуші едің жатырқаумен тосырқап.

Сенен күтіп, жақсылықтың күймесін,
Жүргендер көп өздігінен томсырап.
Жас кезінде үзіп алып түймесін,
Өз бақытын өзгелерден топшылап.

Жоқ. Жастарға, керек екен еркіндік,
Керек емес балаусаға көп сұрақ.
Өмір сүрген адамдардан бір күндік,
Көп көргеннің тұлғалары сомдырақ.

Сенімінде, күш-қайраты жастардың,
Болашаққа шақырумен қол бұлғап,
Сол сенімнен ажыратпай қас-қағым,
Біз жағайық жастар үшін бір шырақ.

Қалмасын деп өкпек желдің өтінде,
Аяз қардың аясында омбылап,
Тіршіліктің жалғасуы үшін де,
Жүрміз бүгін көзден үміт тамшылап.

Болсын деумен жастар жаны қарағай,
Болса-дағы тәні шыбық солқылдақ…
Өкпек желдің өссе-дағы өтінде,
Жас шыбықтың мүмкіндігі көп бірақ…

Мен жастарды сүйемін,
Жүрегіммен,
Аңғарылған от жалын тілегінен.
Қазақы қан тулаған тамырында,
Бастау алып болмысы Күлтегіннен

Бейбіт өмір сақшысына тағзым.

Атқан сәтте күннің таңғы арайы,
Көкжиектен қылаң беріп, бозарып.
Тарқамаған сәби шақтың базары,
Қалушы едім қуаныштан марқайып.

Құмар едім өмір үшін алдағы,
Қиялыма қанат бітіп тамсанып.
Көңілімнің бүртік жарып ажары,
Ойнағандай кеудемде бір күйсандық.

Сол күйсандық, әр сәбидің бойында,
Білгің келсе көрмейсін бе сыр тартып.
Есеюмен ұмыттың ба жолында,
Іздеп жүріп бір бақыттан бір бақыт.

Сол сәбидің жүрегіндей алаңсыз,
Бейбіт атқан таң арайын қуат-қып.
Ессіз жандар бұзбасын деп абайсыз,
Шекарада сақшылар тұр мұз қатып.

Отан Ана, бейбіт өмір өтінде,
Жүрмейікші дүние қуып тым шалқып.
Адам үшін, ұрпақ сүйіп армансыз,
Кәріліктен өлу деген шын бақыт.

Тыныштықта өскен сәби еңшісі,
Нарқын білген адамзатты қуантып.
Сізге тағзым, бейбіт өмір елшісі,
Тіршіліктің сәнін берген бұл уақыт.