16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік — ата-бабамыздың мұра етіп қалдырған ең қымбат сыйлығы. Жас ұрпақ әрдайым өздерінің қаңдай батыр халықтан тарағанын білуі шарт. «Отан оттан да ыстық» демекші біз сияқты жас тәртіп сақшылары үшін елдің тыныштығы мен бейбіт өмір кешуі, балалардың сыңғыр күлкісі маңызды болып табылады. Жүрегі «қазақ» деген әр азамат туған елімізде болатын басты мейрамдардың бірі Тәуелсіздік күнін естен шығармауы керек деп есептеймін.

Келе жатқан мейрам қарсаңында 2-курс жеке құрамы әскери парақша дайындады. Әскери парақша 1 ақ қағазға ғана сыйғанымен, курсанттар барынша мән-мағыналы етіп жасауға тырысты. Курс басшылығы салынған парақшаларға баға бере отырып, тиісті 3 орынға келесі взводтарды лайық деп таныды:

1 – орын – 203-взвод
2 – орын — 211 -взвод
3 – орын — 208 -взвод

2-курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Бакбаева