«100 жаңа оқулық» атты кітап көрмесі

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылды.

Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы кітапханасының кітап қоры кезекті қазақ тіліндегі әлемдік жаңа оқулықтармен толықты.
Академия кітапханасының оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «100 жаңа оқулық» атауымен Академия курсанттары, магистранттары, бастапқы даярлық курсының тағлымдамашылары мен қызметкерлері үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің  жаңа  топтамасында қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі, Джон Блак, Нигар Хашимзаде, Гарет Майлздың «Оксфорд экономика сөздігі», Крейг Калхунның «Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі», Шоу Малкольм Н. «Международное право» 1 және 2 кітабы, Куратко Дональд Ф. «Предпринимательство: теория, процесс, практика», Хелен Битэм, Ронак Шарп «Переосмысление педагогики для цифравой эпохи. Дизайн в обучении ХХI»   атты әлемдік туындылар орын алды.