Құжаттар тізімі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына

оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі

  1. Оқуға қабылдау туралы өтініш;(Үлгі)
  2. Қандидатқажәне оның жақын туыстарына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге келісім беру туралы өтініш;(Үлгі)
  3. Өмірбаян- 2 дана. Оның 1-ін кандидаттың өз қолымен жазылған, 2-компьютерде басып шығарылған;(Үлгі)  (Бланк)
  4. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазы;(Бланк)
  5. Соңғы оқу (жұмыс)орнынан мінездеме;
  6. Сауалнамалық – 2 дана; (Үлгі) (Бланк)
  7. Жеке куәліктің көшірмесі;
  8. Туу туралы куәліктің көшірмесі;
  9. Неке қию (бұзу),балалардың тууы турылы куәліктер;
  10. Әскери билет/тіркеу куәлігі (әскери қызметке жарамдылығын, әскери есепте тұрғанын және кешіктіру себептері туралы анықтама);
  11. Нотариус куәландырған білімі туралы құжаттар(орта,орта білімнен кейінгі);
  12. Еңбек кітапшасы(бар болса);
  13. Жақын туыстарының (ата-анасының, асырап алушыларының, толық және толық емес аға-інілері мен апа-сіңлілерінің)жеке куәліктері, ЖСН көрсетілген 14 жастан асқан тұлғалардың туу туралы куәліктері;
  14. Тұрғылықты жері және тіркелген жері бойынша учаскелік полиция инспекторынан анықтама (егер тіркеу басқа мекенжайда болса);
  15. Учаскелік полиция инспекторы куәландырған 3 көршісінің пікірлері;
  16. Фотосурет: 3,5х4,5 — 6 дана; 9х12- 1 дана;
  17. Салық органының жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдағаны туралы анықтамасы;
  18. Сотталғандығы және сотталмағандығы туралы анықтама;
  19. Әскери қызметті атқаруы туралы келісімшартты жасауға заңды өкілдерінің нотариалды куәландырылған келісімі (кәмелетке толмаған кандидаттар үшін).