№ 10 орта мектебіндегі тәрбие сағаты

2019 жылдың 7 қарашасында № 10 орта мектебінің 2 «А» сынып жетекшісінің шақыруымен мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушылары полиция майоры А.Б.Ақылбекова және полиция майоры Д.Т. Карымсакова «Өз құқығыңды білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты- оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Сондай-ақ Конституцияның мәні, сипаты, маңызы туралы  және 1989 жылдың 20 қарашасында  БҰҰ қабылдаған «Бала құқықтары туралы» Конвенциядан білім беру.
Тәрбие сағатын мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары ойын түрінде өткізгендіктен сабақ қызыққа толы болды.

МҚП кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
Д.Карымсакова