Өнегелі курсант – Академия мақтанышы!

2019 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттары Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің мекемелерінде іс-тәжірибеден өтті.
Тәжірибеден өту барысында бірқатар курсанттар өздерінің білімдерімен, ептіліктерімен және жауапкершіліктерімен көзге түсе білді. Оның дәлелі — Академия бастығының атына келіп түскен хаттар. Соның бірі Шымкент қ. Академия курсанттарын марапаттау туралы Академия бастығының атына келіп түскен ұсынысы бойынша: «Полиция кіші сержанты М. Куримбаев пен полиция кіші сержанты Б. Қабдоллаев іс-тәжірибеден өту барысында алған білімдерін іс жүзінде көрсете білді, нұсқаулықта көрсетілген тапсырмаларды және жеке жоспарда белгіленген іс-шараларды сапалы орындауға тырысты, лауазымдық міндеттерін атқаруда дайындық деңгейлері жоғары. Қызметтік кәсіби даярлықтары жақсы, заңдылықты және құпиялық режимін сақтай білді. Қызметтік мүдделері үшін жұмыс уақытын дұрыс пайдаланды».
Білім алып жатқан оқу орнының атына кір келтірмей, абыроймен іс-тәжірибеден өтіп, оқу орнына алғыс жолдауға себепші болған осы курсанттарымызға оқуда озат, қызметтік міндеттерін орындауда адал, өнегелі, парасатты маман болуларын тілейміз! Ал, оқу орнымыздың профессорлық-оқытушы құрамына еңбектерінің жемісін көрулеріне тілектеспіз!