Өнегелі адамның өшпейтін ісі мен ұлағатты сөздері!

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының негізін қалаған Талап Қабденұлы Қабденовпен 1 курс курсанттары кездесті Кездесу болашақ офицерлердің болашақта қандай тұлға болу керектігін насихаттау мақсатымен Академия бастығымен ұйымдастырылды. Академия бастығының мақсаты болашақ құқық қорғаушылардың қандай қиындық кездесседе, мойымай алға қойған мақсаттың маңыздылығын ұғынып жасымауды үйрету. Өскелең ұрпақтың таңдаған мамандықтың сан қырымен сырласты. Кездесу барысында қызметте бірге болған отставкадағы полиция полковнигі Д.Б. Тойматаев, полиция полковнигі Г.К. Ескакова қызметкерлермен жүздесіп, курсанттарға өмірдің мәні неде екенін, форма киген шенділердің өмір жолының оңай еместігін ұғындырды. Әрине, халықпен тікелей байланысты болатын бұл мамандықтың күнделікті күндерінде қандай жағдайлардың кездесетінін және оған қалай төтеп беру керектігін түсіндірді. 1 курс курсантарының қуанышында шек жоқ. Кездесу барысында «теңге жерде қандай күйде жатса да ол маңыздылығын жоғалтпайды, адамдар оны балшықта жатсада, су болып дымқыл болып жатсада жерден көтеріп үйіне алып барып жағдайын жасап керегіне жұмсайды. Сол теңге секілді өмірден тұлға ретіндегі маңыздылығыңызды жоғалтпаңыз. Қандай қиындық басыңызды тік ұстап тек алға ұмтылыңыз», деген қанатты сөздері бойыма жігер берді. Расында адамда арман, мақсат ниет болса бос кейде екен. Біз Академия шыңы биік арман мен мақсатпен келдік, бүгінгі күнге жеткенде бар, жетпегенде бар, қандай қиындық болса да атамыз айтып кеткендей тек алға ұмтыламыз. Осындай жүрегі кең, адамгершілігі мол, жаны жарқын кісімен бағытымызбен мақсатымыздың бір болуының өзі бір бақыт. Арбаның басы қайда бұрылса, жүгі сонда бұрылады демекші, үлкен ата-ағаларымыздың салып кеткен сара жолын адал ниетпен, бір байыппен жүріп келеміз. болашақта барлығымыз генерел болуды армандаймыз, ол үшін қажымас еңбекті талап етеді.

Т.Қ.Қабденов өзінің қызметтік жолдарын ІІМ ведомстволық оқу орнының дамуына, өркендеуімен қалыптасуына, одан әрі мәртебесін көтеру сұрақтарына, курсанттардың болашақта білікті, парасатты офицер болуына жағдай жасауға өмірін арнады. Өмірдің суығымен қиындығына мойымай, алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындап, ерен еңбегінің арқасында ішкі қызмет генерал-майоры атағына дейін жетті. Қызмет атқарудағы жетістіктері үшін Үкімет және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атынан бірнеше рет марапатталды.

Т.Қ.Қабденов өмірдегі бар жақсылық пен денсаулықты, алдағы уақытта әрбір курсанттың жемісін көріп, бақытқа бөленіп, марқаюды тіледі. 1 курс курсанттары осындай керемет кездесуді ұйымдастырған Академия бастығы полиция полковнигі Н.А.Биекеновке алғысын білдірді. Іс-шара соңында естелікке суретке түсті.




2 курс курсанты
полиция қатарындағы
Гүлнұр Максетова