Өз ісіне шебер ішкі істер органдарының қызметкерімен кездесу

 ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы өз қызметін қашықтықтағы бағдарлама нысанымен жалғастыруда. Тәжірибелік қызметкерді сабаққа қатыстырудың негізгі мақсаты-теориялық білім алып жатқан курсанттарға тәжірибелік бағыт-бағдар беру болып табылады.
Сол себептен 2020 жылдың 13 мамырында «Әкімшілік-құқықтық», мамандығы бойынша  білім алып жатқан 3-курс 301 оқу тобының курсанттарымен «ІІО әкімшілік қызмет» пәні бойынша сабаққа тәжірибелік қызметкер қатыстырылды. Алматы облысының, Қаратал АПБ, ЖПҚ кәмелетке толмағандар істер жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Нурбол Нұртайұлы Ерболғанов өз тәжірибелік білімімен  қурсанттармен бөлісті. Нурбол Нұртайұлы курсанттарға  қызмет атқарып жүрген қызметтік міндеттерімен таныстырды. Жалпы  әкімшілік полицияның құрылымын, негізгі бағыттарын, әр қызметің ерекшелігін атап өтті. Қазіргі таңда тәжірибеде жиі кездесетін әкімшілік құқықбұзушылықтарды, қылмыстарды, жалпы қызметте туындайтын мәселелерді жеткізді. Курсанттар мен тәжірибелік қызметкер арасында тамаша сұхбат өтті. Білім алушылар болашақ мамандығы бойынша пайдалы ақпарат алды. Кәсіптік денгейі жоғары қызметкерде  отандық рух-жігер және адал қасиеттер болуы қажет. Кездесу соңында тәжірибелік қызметкер курсанттарға сәттілік, сабырлық, төзімділік және зор денсаулық тіледі.

ІІО ӘҚ кафедрасының
аға оқытушысы,
полиция майоры
Д. Қалқаманұлы