ӨЗ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСКЕН АКАДЕМИЯ ТҮЛЕГІ

 11 оқу тобының тындаушыларына №6.3 тақырыбы, яғни «Ауыртатын, және тұншықтыратын әдістері» бойынша қоян-қолтық ұрысынан Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері, жекпе-жек күресінен Азия жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жаманкараев Аманбек Айбекұлы өзінің спорттағы алған тәжірибелері мен біліктілігін көрсетті. Тындаушыларға қызметте, спортта және өмірде өзін-өзі қорғау кезінде өте қажет болатын әдіс-тәсілдерді үйретті.
Әуелі Аманбек Айбекұлы тындаушылардың маңдайларын ыстық тер қаптағанша дене жаттығуларын жасатып, оларға өзінің ең сүйікті, өте жиі қолданатын ыңғайлы әдісі «Жатып ішке қарай қол иінтірегін басу»және «Ілмек» әдісінің толық қыр-сырларын, қалай жасау керектігін, қандай жағдайда қалай қолдану керектігін толығымен түсіндіріп көрсетті. Және де бұл әдістердің ойдағыдай, жақсы шығуына біріншіден іштей психологиялық сенімді болып, екіншіден еңбекқорлық пен дайындықтың өте жоғары деңгейде болуы қажет екендігін ұқтырды. Сонымен қатар сабақ барысында тындаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, қажетті жауаптарын алды.
Тындаушылар Аманбек Айбекұлы көрсеткен әдіс-тәсілдерді үйреніп, саналарына сіңірді. Сонымен қатар сабаққа жетекшілік жасаған ДШД кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Жандауов Багдат Еркінұлына осындай көпті көрген тәжірибелі,мықты кісімен, кездесу ұйымдастырғаны үшін тыңдаушылар  алғыстарын білдіріп, қошемет көрсетті.
Шәкірттеріне өз білімін үйретуден жалықпай жүрген осындай ұстаздарымыз барда, келешек ұрпақтарымыздан нағыз ержүрек, батыр тұлғалы азаматтар шығары айдан анық.

ДШД кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Жандауов Багдат