Өз мамандығына тәжірибелік қадам

Кәсіби-психологиялық даярлық және Ішкі істер органдарын басқару кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 26 мамырында Психология және педагогика мамандығы бойынша оқитын
4 — курс курсанттары кәсіби практикадан өтті. Оған 411, 412 — оқу топтары қатысты. Кәсіби практика арқылы курсанттар өздерінің теориялық алған білімдерін одан әрі шыңдап жетілдіре түсті. Курсанттар практикадан өту кезінде алған әсерлерін айтып, атқарған жұмыстарына тоқталды. Практикада тәлімгерлермен тығыз жұмыс, күнделік толтыру, әңгімелесу, психологиялық тренингтер, диагностикалық, психокоррекциялық жұмыстар, т.б. іс — шаралар  өткізілген.
Практиканы қорғау барысында курсанттармен қандай жұмыстар, іс-шаралар ұйымдастырылғаны толық баяндалып, кафедра оқытушылары тарапынан бағаланды.

Кәсіби-психологиялық
даярлық және Ішкі істер
органдарын басқару
кафедрасының оқытушысы
Оразов А.Х