«Өзекті әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешудегі психологтың практикалық құралдары» атты әдістемелік семинар

ІІМ Қостанай академиясының Психолог мамандарын даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығы ІІО инспектор-психологтарына арналған «Өзекті әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешудегі психологтың практикалық құралдары» атты қазақ тілінде әдістемелік семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында психологтың практикалық құралдарын тиімді қолдануды үйрететін тәжірибелік жаттығулар арқылы шебер сабақтар өткізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қазақ тілінде психологиялық бағытта тәжірибе алмасудың маңыздылығын жеткізді.

А.Досмаилова ПМДжӘЗЖО аға оқытушы-әдіскері