Әуелгі байлық — денсаулық

2019 жылдың 11 маусымында кешкілік уақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты магистратурасының бастығы полиция майоры Е. Қайнардың және Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А. Әбдәлінің ұйымдастыруымен Күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 3-курс 303-оқу тобы мен 1-курс 103-оқу тобының командалары арасында футболдан жарыс өткізілді. Спорттық іс – шараның негізгі мақсаты курсанттарды тәрбиелеу және студенттер арасындағы бірлік пен ұжымдық рухты қалыптастыру және нығайту. Сонымен қатар кешкілік уақытта курсанттардың бір сергіп қалуын жөн көрдік. Ойын өте қызықты, әрі тартымды өтті. Ойынға қатысушы курсанттар спорттық іс-шара барысында командалық ұйымшылдықты, ауызбіршілікті, шеберлікті көрсете білді. Жарысқа қатысушы  әрбір команда мүшесі жеңіске жету үшін бар күш – жігерін ортаға салды, сондай-ақ намысты қолдан жіберіп алмауға тырысты. Ойын қызықты өтіп, 303-оқу тобының курсанттары 5:4 есебімен жеңіске жетті.

ІІМ оқу орындарының курсанттарына денешынықтыру және спорт құралдарымен салауатты өмір салтын қалыптастыру әсіресе жастар тобы үшін өте маңызды. Әртүрлі денешынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар жеке тұлғаның табандылық, мақсаткерлік, ерік, еңбексүйгіштік, батылдық сияқты маңызды қасиеттерін дамытуға толық ықпал етеді, зиянды әдеттерден арылуға көмектеседі.




Кез келген курсант үшін бұл бір жағынан бақтарын сынап, өздерін жақсы жақтан таныта алу мүмкіндігі болса, екінші жағынан күнделікті курсанттық өмірлерін түрлендіру болып табылады.

Магистратура бастығы
полиция майоры
Е. Қайнар

ӘҚ және ӘҚ бөлімінің оқытушысы
полиция капитаны
А.Әбдәлі