Әл-Руайхеб Халид, Шмидтке Сабина Ислам философиясы: Оксфорд оқулығы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.– 828 бет.

Халид әл-Руайхеб пен Сабина Шмидткенің жетекшілігімен құрастырылған «Ислам философиясы: Оксфорд оқулығында» ІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы ислам философиясының көрнекті өкілдерінің зерттеу мәселелері, адамзат ақыл-ойына қосқан үлесі сараланған. Көптеген ғылым салалары бойынша маңызды еңбектер қалдырған алғашқы ислам философтары эл-Кинди, эл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рұшд сияқты тұлғалардың өмір жолы мен көзқарастары, философиялық мұрасы зерделенген. Сонымен қатар Даууани, Мир Дамад, Молла Садра сынды постклассикалық және Зәки Нәжиб Махмұд, Мұхаммед Иқбал секілді модерн кезең ойшылдарының туындылары да қарастырылған. Оқулықта осы аталған және басқа да фәлсафа өкілдерінің метафизика, онтология, логика, табиғат философиясы, эпистемология, психология т.б. тақырыптардағы шығармалары кеңінен талданады. Айта кетерлігі – әр тарауда авторлар түпнұсқа мәтіндерді негізге алған.