«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша кәсіптік практиканың қорытындысы

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша кәсіби дайындық факультетінің 4 курс 413-414 оқу топтары курсанттарының кәсіби практикасы 2020 жылдың 17 ақпаны мен 24 мамыры аралығында ұйымдастырылды.
Кәсіби практика курсанттарды оқытудың соңғы кезеңі болып есептеледі. Кәсіби практиканың мақсаты – курсанттардың оқу процесінде алған теориялық білімдерін одан әрі тереңдету және бекіту, оларды Қазақстан Республикасы ІІО аумақтық бөлімшелерінің лауазымдарында практикалық қызметте жан-жақты пайдалану.
2020 жылдың 26-27 мамырында ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушылары «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша  4 курс курсанттарымен on-line тәртібінде кәсіби практиканы қорғауды ұйымдастырып өткізді.
Қорғау барысынла курсанттар кәсіби практика және қол жеткізілген нәтижелер шеңберінде өздері жүргізген іс-шаралардың тізімін жариялады, сонымен қатар, кәсіби практикадан өту жоспары бойынша қажетті құжаттардың жоспарын, практика күнделіктерін, жетекшілерімен келісілген тәжірибе туралы есептердің толық тізбесін ұсынды.
Практиканы қорғау барысында курсанттармен кәсіби практиканың нәтижесі талқыланды және кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамынан құрылған комиссия мүшелерімен оң бағаланды.
Курсанттар профессорлық-оқытушылар құрамына өз алғыстарын білдірді.

ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының аға оқытушысы
Ш.Садыханова