Әкімшілік полиция қызметкерімен онлайн сабақ

2020 жылдың 16 қазанында ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А. Әбдәлі 4-курстың 404-оқу тобымен өткізген «Әкімшілік полиция қызметкерлерінің әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін қолдану тәртібі мен ерекшеліктері» тақырыбындағы тәжірибелік сабағына Ақтөбе қаласы Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика инспекторы полиция капитаны А.М. Шакиеваны қашықтан қатыстырды. Онлайн сабаққа қатысқан әкімшілік полиция қызметкері өз тәжірибесін курсанттармен бөлісіп, тақырып бойынша біраз мәселелерді қарастырып өтті.
Тәжірибелік сабақтың тақырыбы толығымен ашылып, мақсатына жетті. Сабақ соңында курсанттар тәжірибелік қызметкерге өз алғыстарын білдірді. Осындай игі іс-шаралар болашақ офицерлердің білімін көтеру мақсатында Академиямызда көптеп өткізілуде.

 
ІІО ӘҚ кафедрасының
оқытушысы
полиция капитаны А. Әбдәлі