Әке-асқар тау

Әке — отбасының тірегі, балаларының қамқоршысы, жұбайының  ақылшысы. Әр үйде осы аттың қадір-қасиеті ерекше сезілетіні белгілі.

Қыркүйек айының 5 жұлдызында 207, 209 оқу топтары  Қостанай қаласының Достық үйінде өткен «Әке — асқар тау» конкурсына  барып қайтты. Айтулы конкурс Отбасы күніне арналып өткізілген еді.

Қостанай облысы бойынша іріктелген ең үздік отбасылар бақ сынасып, жеңімпаз ретінде 65 жас отау құрған 15 немере мен 5 шөберенің иелері лайық деп танылды. Конкурстың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында жас отбасылар санын көбейтіп, саналы ұрпақтың өсіп — жетілуіне үлес қосу. Қазіргі танда осындай конкурстардың рөлі артып, тәрбиелік маңызы жоғары болып саналуда.

Тәрбиесі мен үлгісі қатар жүретін конкурстар жас ұрпақтың санасын жетіліп, жас отбасылар көбейеді деген сенімдеміз.

2- курс курсанты

полиция қатарындағы

Аида Бакбаева