«Әз Наурыз» атты сабақ

2021 жылғы 29 наурызда «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гүлмира Талғатқызы Академияның мемлекеттік тілді оқыту курсының тыңдаушыларына «Әз Наурыз» атты тақырыпта сабақ өткізді. Сабақ барысында  Наурыз мерекесінің мән-маңызы барынша түсіндіріліп, қазақтың ұлттық тағамы Наурыз көже, бірқатар салт-дәстүрлер дәріптелді.
Сабақ тәжірибелі оқытушының басшылығымен мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемесін, атап айтқанда «Quizizz», «Learningapps» қосымшаларын қолдану арқылы қызықты түрде өтті. Сабаққа қатысушылар теориялық тұрғыда  алған білімдерін тіл дамыту барысында қолдана отырып, Наурыз мейрамы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы көптеген маңызды мәліметтер алды.

ІСКБ инспекторы  Б. Нұрбекова