Әдістемелік-тәжірибе алмасу аясында

Ағымдағы жылдың 31 мамырында жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, полиция майоры Қайнар Ерболат Ержанұлы Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының профессорлық-оқытушылық құрамының жас оқытушыларына ЖОО-нда жалпы заң пәндері бойынша дәріс және семинар сабақтарын өткізудің ерекшелігімен және таңдаулы әдістемелерімен бөлісті. Жас оқытушыларға қашықтықтан білім берудің озық әдістемелік тәжірибесімен алмаса отырып, сонымен бірге жас қызметкерлерді біздің Академияның ғылыми педагогикалық бағыттағы магистратурасы мен докторантурсына оқуға түсу тәртібімен таныстырды.

ЖЗП кафедрасы бастығының
орынбасары, полиция майоры
А. Ақылбекова