ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ

Академияға Рудный қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі А. Байзаковтың атынан алғыс хат келіп түсті.
«Құрметті Нұрлан Амангелдіұлы! Рудный қаласының полиция басқармасы Сізге және Сіз басқарып отырған Академияның профессорлық-оқытушылық құрамына өздерінің лауазымдық міндеттерін лайықты атқарып, білімді курсанттарды дайындағаны үшін алғыс білдіреді.
Бүгінгі күні 4-ші курс курсанты полиция кіші сержанты Дуамбеков Данияр Ерғалиұлы диплом алдындағы практикада Рудный қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінде болып, тәлімгердің қатысуынсыз, тергеу-жедел тобы келгенге дейін қылмысты дербес ашып, қажетті материалдарды жинауды, бейнефиксацияны және қылмыскерді ұстауды жоғары деңгейде өткізді.
Барлық профессорлық-оқытушылар құрамына жоғары деңгейде мамандарды дайындауды жалғастыруға және ішкі істер органдарының дамуына үлес қосуға тілектеспіз».