«Ұстаздар күніне» арналған мерекелік концерт

2019 жылдың 3 қазан күні облыс орталығының Жастар сарайында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының бастамасымен «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертте Қостанай облысының әкімі Мухамбетов Архимед Бекежанұлы облыс мұғалімдерін аталған кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, бүгінгі қоғамдағы мұғалімдердің алатын орнының айрықша маңызды екенін атап өтті.
Сонымен бірге мерекелік ісшара аясында облысымыздың бірқатар үздік ұстаздарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин», «Құрметті қызметкер» төсбелгілерімен, құрмет грамотасымен және облыс әкімінің алғыс хаттармен марапатталды.

Аталған ісшараға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы мен профессорлық — оқытушы құрамы да қатысты.
Құттықтаулар соңы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Опера және балет театры әртістерінің орындауындағы концертімен жалғасты.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
Карымсакова Д.Т.