Ұмытылмас тағылымды кездесу

Елдің болашағы — бүгінгі жас болғандықтан, солардың сана-сезіміне ұлттық рухты енгізу, тілі мен дінін қастерлеуге, таңдаған мамандығын сүюге, ерінбей еңбек етуге, қызметінде адал болуға үйрету – аға буын өкілдерінің басты міндеті екендігін, жас курсантты жігерлілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында, КОФ 4 курс 411 оқу тобының курсанттарына Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД ИЧ – 167/11 мекемесі арнайы есепке алу бөлімінің бастығы әділет майорыЖанар Сапарбекқызы Жакипова құқық қорғау қызметкерлерінің қиындығымен қызығы бірге ұштасқан тәжірибеліккетолы өмірлерімен таныстыру барысында әңгіме – сұхбат жүргізді.

Курсанттар өздерінің болашақтағы қызмет түрлері тікелей  қылмыстық атқару жүйесіне байланысты болғандықтан қызығушылықтары оянып, келген қонаққа әр тараптан қызмет бабына байланысты өздерін мазалаған сұрақтар қойып, ауқымды да, мазмұнды жауап алды.

Жанар Сапарбекқызы курсанттарға құқық қорғау орындарында психологияның маңызды рөл алатынын атап өтті. Әр құқық қорғау қызметкері психологиялық тұрғыдан ерік-жігері мықты болуы жайында сөз қозғады. Сонымен қатар психологияның осы қызметте ғана емес, яғни жалпы өмірде қажет екенін айтып өтті.

Осы кездесу жоғары деңгейде өтіп, курсанттарға қатты ұнады.

Тәжірибелік қызметкермен мазмұнды, қызықты, ұмытылмас тағылымды кездесуді ұйымдастыруға көмек берген БАжҚДИ аға оқытушы – әдіскері Б.А.Нуркинаға алғыс білдіреміз!

Педагогика және психология
кафедрасының аға оқытушысы
полиция капитаны
Н.Ж.Турсумбаева