Үш күндік тренинг өз жұмысын бастады

Ішкі істер министрлігі жəне ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің ұйымдастырумен ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасын жүзеге асыру мақсатында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Полиция қызметінің қазіргі аспектілері — тәжірибеге бағытталуы және ұйымдастырушылық өзгерістері» тақырыбында 2020 жылдың 17-19 ақпан аралығында семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Семинар-тренингтің спикерлері: Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі А.М.Сайтбеков, Полиция реформасы бойынша ЕҚЫҰ уəкілі Э.Р. Хисамутдинова, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің профилактикалық қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі А.К. Милюк.

Семинар-тренингтің мақсаты: полиция қызметіндегі заңнамалық актілерге, нұсқаулықтарға енгізілген өзгерістерді, қазіргі заманғы жаңа форматтағы полиция қызметкерін даярлау барысында әлемдік оқытудың және полиция қызметінің – халық сенімінің айнасы ретінде сенімділігін күшейту бағытындағы әдіс –тәсілдерді үйрету және т.б. болып табылады. Аталған семинар-тренингке Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі А.М.Сайтбеков академияның тарихынан сыр шертетін мұражайға

саяхат жасады. Мұражайда құрметті меймандар кітабына қолтаңбасын қалдырып, оқу ордамыздың аумақтарымен танысты.

Баспасөз қызметі