Үстел теннисінен жарыс!

Білім ордамызда Елорда күніне, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Академияның 50 жылдығына арналған кіші және орта басшы құрам арасында ОСБ взвод командирі полиция лейтенанты А.А. Ержанов пен полиция майоры А. Б. Нұрахметовтың басшылығымен үстел теннисінен жарыс өтті. Үстел теннисі- адамның ақыл-ой, ерікті қасиеттеріне оң әсер етеді, сондай-ақ үйлестіруді дамытуға, жүйке жүйесін, бүкіл денені нығайтуға септігін тигізеді. Бұл спорттың жағымды жағы- айқындық, табандылық, ойлау жылдамдығы, ептілік, назар, жеңіске деген ұмтылыс сияқты қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды орта басшы құрам командасы, 2-орынды кіші басшы құрама командасы иеленді. Жеңістеріңізбен құттықтай отыра, өмірдің кез-келген жарысында әрдайым көшбасшы болуды тілейміз!

ОСБ взвод командирі
полиция лейтенанты А. Ержанов
ОСБ курс бастығының орынбасары
полиция майоры Нұрахметов А. Б.