«Үлкендер жолы — ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»

2019 жылдың 2 қарашасында Академия қабырғасында білім ордасының зейнетке шыққан ардагерлерінің ғылыми және педагогикалық магистратураның магистранттарымен кездесуі өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Академия ардагерлері Табулденов Алибек Нурмагамбетович және Садвакасова Гулзейнеп Сапаргалиевна шақырылды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты ардагерлерге құрмет және ілтипат көрсету, олардың тәрбиелік мәні бар әңгемелесуінің нәтижесінде жастардың бойында отансүйгіштік сезімін ояту болып табылады. Кездесу барысында ардагерлер магистранттармен өз өмірлік тәжірибиесімен бөлісіп, пайдалы кеңестерін беріп, қазынаға парапар ақыл, өнегелерімен бөлісуге ниет білдірді.
Магистранттар тарапынан да аталмыш іс-шараға қызығушылық молынан болып, көптеген сұрақтар қойылды. Ардагерлермен кездесу жылы да мерекелік атмосферада өтті, олар үшін бұл бұрынғы әріптестерімен кездесу және олармен әңгімелесу мүмкіндігі болды. Іс-шара соңында ардагерлер алғыстарын білдіріп, жастарға игі тілектерін айтты. Кездесу аяқталғаннан кейiн зейнеткерлерге мерекелiк дастарқан жайылып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Магистратура бөлімі