Үздік учаскелік полиция инспекторымен кездесу

17 ақпан күні 308-оқу тобының курсанттарымен «ІІО әкімшілік қызмет пәні бойынша» кезекті тәжірибелік сабақ өткізілген болатын. Тәжірибелік сабаққа Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық полиция басқармасының ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты Еркетай Қуанышпекұлы Молдашев қатыстырылды.
Кездесудің мақсаты ішкі істер органдарында қызметтік тәжірибесі мол полиция қызметкерінің болашақ полиция қызметкерлерімен ой бөлісіп, қызметте болатын оқиғалар жөнінде сұхбаттасу еді. Тәжірибелік қызметкер сабақ барысында білім алушыларға ішкі істер органдарындағы қызметтің мән-жайын айтып, полиция қызметкеріне тән міндеттерді, қызмет барысында ұстанатын негізгі қағидаттарды жеткізді. Тәжірибеде жиі кездесетін заңсыз әрекеттердің түрлерін  және онымен күресетін негізгі бағыттарды айтып өтті.
Полиция қызметкерлерінің басты міндеті – зандылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қамтамасыз ету. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойында адалдық пен кәсібилік болуы тиіс. Кездесу сонында тәжірибелік қызметкер курсанттарға оқу барысында сәттілік, мықты денсаулық тіледі.

ІІО әкімшілік қызмет
кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры       
Е.М. Хакимов